Кевин Холланд пен Висенте Луке UFC 316 турнирінде кездеседі

Кевин Холланд пен Висенте Луке UFC 316 турнирінде кездеседі

UFC Ньюарктегі UFC 316 турнирінде америкалық Кевин Холланд пен бразилиялық Висенте Луке арасындағы жекпе-жек өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек кеші маусымның 7-нен 8-іне қараған түні өтеді.

Холланд наурызда өткен кейінгі жекпе-жегінде Гуннар Нельсонды төрешілер шешімімен жеңді.

Луке 2024 жылдың желтоқсанында Темба Горимбоны бірінші раундта қылқындыру әдісі арқылы жеңген болатын.

Айта кетейік, Висенте қазақстандық Шавкат Рахмоновпен бірге Флоридадағы Kill Cliff спорт залында жаттығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или