OCTAGON 71 Турнирінің тікелей трансляциясы
Бүгін 19 сәуір, сенбі күні Алматыда кезекті OCTAGON 71 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кештің басты жекпе-жегі – әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақта өтетін чемпиондық айқас. Қазақ жанкүйерлер асыға күтіп жүрген Аян Тұрсын (7-0) Қырғызстан файтері Фарида Абдуевамен (4-1) кездеседі.
Турнирдің екінші басты жекпе-жегінде өзбекстандық Сардор Худойбердиев (8-3) пен бұрынғы чемпиондық атаққа үміткер қырғызстандық Арген Абдықадыр уулу (9-1) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін таласады.
Осы кеште қазақстандық файтер және актер Арнұр Қабдолдаев (4-1-1) ирандық Хамидреза Таебениямен (5-3) реванш жекпе-жегін өткізеді.
Орта салмақтағы бұрынғы чемпион қазақстандық Керим Дайдов (10-1) жартылай ауыр салмақтағы дебютін өткізіп, өзбекстандық Хабиб Газиевпен (3-0) кездеседі.
OCTAGON 71 турнирінің тікелей трансляциясы сағат 17:00-де басталады. Оны OCTAGON TV YouTube арнасынан көруге болады.
OCTAGON 71 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
Турнирдің титулдық демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
Gorilla Energy Drink турнирінің ресми серіктесі