Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Дусматовты жеңді

Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Дусматовты жеңді

Сәкен Бибосынов Хасанбой Дусматовтың інісін жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша қазақстандық боксшы Хабаровскіде өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты. 

Жартылай финалда өзбек боксшысы Фариезбек Дусматовтан 5:0 есебімен басым түсті. Сәкен Бибосыновтың финалдағы қарсыласы Денис Палшин (Ресей) болады. 

Айта кетейік, Фариезбек екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың інісі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или