Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

25-28 сәуір аралығында Бангкокта дзюдодан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Таиландта өтетін сары құрлық додасында Қазақстан намысын 17 татами шебері қорғайды. Барлығы 30 елден 300 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі мынадай:
Ерлер:
Нұрәділ Әлжан (-60 кг)
Шерзод Давлатов (-60 кг)
Ержан Еренқайыпов (-66 кг)
Есет Қуанов (-73 кг)
Мәди Амангелді (-81 кг)
Азат Күмісбай (-81 кг)
Ермахан Ануарбеков (-90 кг)
Максим Мейірлан (-90 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әйелдер:
Ғалия Тынбаева (-48 кг)
Диана Буркеева (-48 кг)
Толғанай Әбеуова (-52 кг)
Бақыт Құсақбаева (-57 кг)
Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
Кристина Сотникова (-70 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)
Ақерке Рамазанова (+78 кг)
Резерв: Талғат Орынбасар (-60 кг) Ердәулет Бозша (-66 кг), Бақытжан Абдурахманов (-73 кг), Марат Байқамұров (-100 кг).