Абиба Әбужақынова алдағы мақсаттарымен бөлісті

Қазақстандық дзюдошы, 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Абиба Әбужақынова жетістіктерге деген көзқарасы, мотивация мен алдағы жоспарлары жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кейде біреулер: «Тағы да үшінші орын ба?» деп айтып жатады. Ондай сөздерге мен ашуланамын. Себебі үшінші орын алу үшін де үлкен еңбек пен тер төгіледі. Бірақ мен бәрібір өзімнің бірінші бола алатынымды дәлелдеуге тырысамын. Ал мотивация төмендеп кеткен сәттерде, жарақаттардан немесе сәтсіздіктерден кейін мен өзімнің ескі белдесулерімді қайта қарап, қателіктерімді саралап, әрі қарай жалғастыруға күш табамын. Мотивация — ол менің өзім»,-деді Абиба weproject.media сайтына берген сұқбатында.
Абибаның айтуынша, спорттық жолындағы ең есте қалған сәттер - Ташкент пен Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионаттарында жеңіп алған қола медальдар. Дегенмен, басты мақсаты ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын алу деп атап өтті спортшы.