Сұлтан Зәуірбек IBF рейтингінде төртінші орынға көтерілді

Сұлтан Зәуірбек IBF рейтингінде төртінші орынға көтерілді

5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінен кейін Сұлтан Зәуірбек IBF рейтингінде бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек (20-0, 13 KO) «Battle of the brave» бокс кешінде Оңтүстік Африка Республикасынан келген Азинга Фузилемен (18-3, 12 KO) жекпе-жек өткізген еді. Он раундқа созылған кездесуде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ал аталмыш рейтингтің көшін мексикалық Эдуардо Нуньес (27-1, 27 KO) бастаса, екінші орын әзірге бос тұр. Үздік үштікке жапониялық Масанори Рикииши (16-1, 11 KO) жайғасқан.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек желтоқсан айында, Ұлыбританияда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или