Дзюдодан жасөспірімдер арасында турнир өтеді

11-12 сәуір күндері Қостанайда Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарында дзюдо бойынша жарыстар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жастар арасында спортты дамытуға бағытталған шара «Қостанай» спорттық ойын-сауық кешенінде өтіп, екі күнге созылады. Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 240-тан астам жас дзюдошлар қатысады.
Жарыс ұлдар мен қыздар арасында 14 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Барлық жекпе-жектер федерацияның ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или