Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін Ұлыбританияның Дамфрис қаласында хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ IB дивизионындағы бірінші матчында Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен жеңді. Келесі ойынды 10 сәуір күні Италияға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, IA дивизионына тек топ жеңімпазы ғана жолдама алады. Қазақстан құрамасы IA дивизионына өту үшін Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словения командаларымен сынға түседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или