Данияр Елеусінов Уайттың лигасына қатысады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (12-0) UFC президенті Дана Уайт іске қосатын жаңа лигаға қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Sports24.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
«Алдағы күндері АҚШ-қа ұшамын. 15 сәуірде оқу-жаттығу жиынын бастаймын. Уайттың лигасы – шоу мен жоғары деңгей туралы. Мұнда жай дайындық кездесулері болмайды, бірден нағыз айқастар басталады. Қарсыластардың бәрі мықты, жеңіліп көрмеген, бәлкім, жұлдыз емес шығар, бірақ оңай жұдырықтасушылар болмайтыны анық», – деді Данияр.
Жаңа лига аясындағы жекпе-жектер Netflix пен ESPN платформаларында көрсетіледі деп күтілуде. Жобаның артында TKO Group тұр, оған UFC мен WWE енеді. Сондай-ақ Сауд Арабиясы тарапынан Турки әл аш-Шейх басқаратын ойын-сауық басқармасы серіктес ретінде қатысады.
Айта кетейік, Елеусинов кәсіпқой бокста IBO мен IBF Inter-Continental белбеулерінің иегері. Ал әуесқойлар арасында Олимпиада мен әлем чемпионатын жеңіп, Азия ойындары мен Азия біріншілігінде екі мәрте топ жарған.