Бокс. Жазира Орақбаева бокстан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Бокс. Жазира Орақбаева бокстан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева Бразилияның Фос-ду-Игуасуда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың финалдық бәсекесінде италиялық Элен Лусия Аяримен кездесуі керек еді. Алайда Италия спортшысы жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.

Осылайша, Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) Әлем кубогының кезеңін алтын медальмен аяқтады.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или