Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев (ATP 215) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жукаев 1/8 финалда бразилиялық теннисші Фелипе Мелигени-Альвесті (ATP рейтингінде 176-орын) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.
Жартылай финалға шығу үшін Бейбіт швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (ATP 172) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или