Жалғас Жұмағұлов: UFC – спорт емес, шоу. Менен жеңісті тартып алды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Cuba Boxing Club YouTube арнасына берген сұхбатында UFC-де орын алған даулы жекпе-жектер туралы ойын ашық айтты. Оның сөзінше, кейбір кездесулерде жеңіске жеткенін өзі де, жанкүйерлер де жақсы білген, бірақ төрешілер басқа шешім шығарған.
— Мен ол жекпе-жектерде жеңіске жеттім, бұған комменттердегі халықтың өзі дәлел. Бірақ мені әдейі «жерге» ұрды. UFC — жай ғана спорт емес, бұл – шоу. Бастапқыда бәрі әділ деп ойладым, бірақ шын мәнінде бәрі мүлде басқаша екен. Бұған бейімделу маған оңай болған жоқ, қазір ғана бәрін түсіне бастадым, – дейді ол.
Сондай-ақ ол Джефф Молинамен болған кездесу жайлы да қызықты жайтты бөлісті. — Сол кезде бұрышқа келіп, маған ЛГБТ футболкасын ки деп айтты. Мен бас тарттым, себебі мен – мұсылманмын. Кейін октагонға шыққанда Молина сол футболкамен шықты. Жекпе-жек біткенде ол жеңілдім деп кетіп бара жатты, бірақ соның қолын көтерді, – деді Жұмағұлов.