Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуға ниетті

Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуға ниетті

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуға ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы балуан Sport+ телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, адамның жасы деген – жай ғана сандар, барлығы да денсаулық пен физикалық күш-қуатқа байланысты дейді ол.

«Егер мен келесі Олимпиадаға барсам, ол кезде жасым 35-те болады. Өздеріңіз білесіздер, Геннадий Головкин қырыққа дейін жұдырықтасты. Криштиану Роналду қырықтан асса да әлі футбол ойнап жүр. Жас деген ол тек сандар ғана. Кім еңбек етеді, бабында болады – сол жеңіске жетеді», - дейді Қырғызбаев.

Десе де, Олимпиада жүлдегері Парижден оралғалы бері әлі бірде-бір жарысқа қатысқан жоқ. Жанкүйерлері оны татамиден емес, той-томалақтан жиі көретін болған.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или