Гагарин кубогында Қазақстан құрамасының бес хоккейшісі өнер көрсетеді

Гагарин кубогында Қазақстан құрамасының бес хоккейшісі өнер көрсетеді

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бес ойыншысы 2024/25 маусымындағы Гагарин кубогына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Валерий Орехов, Никита Михайлис (екеуі де «Металлургтен»), Леонид Металников, Аркадий Шестаков (екеуі де «Адмиралдан») және Дмитрий Брюс («Торпедо») осы маусымда ҚХЛ плей-оффында өнер көрсетеді. Бірінші айналымда Гагарин кубогының қазіргі иегері «Металлург» «Авангардпен», «Адмирал» «Трактормен» кездеседі, ал «Торпедоның» қарсыласы «Локомотив» болады.

«Барыстың» ҚХЛ 2024/25 маусымындағы ойынына келетін болсақ, астаналық клуб тарихтағы ең нашар нәтиже көрсетіп, лиганы соңғы орында аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или