«Барыс» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартпайды

«Барыс» шабуылшысы Дамир Жафяров осы маусымның соңында клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.
29 жастағы шабуылшының келісімшарты 31 мамырда аяқталады, дереккөздің айтуынша, «Барыс» басшылығы келісімді ұзартпайды. Кету себебі ойыншы мен бапкерлер штабының арасындағы өзара сенімсіздік болғаны айтылды.
«Бұл жерде өзара түсініспеушілік туралы айтып отырған сияқты: жаттықтырушылар штабы ойыншыға сенбейді, ал Жафяровтың өзі бапкерге сенбейді», - деп жазады басылым.
ҚХЛ-дағы 2024/25 жылғы маусым хоккейшінің өзі үшін де, жалпы клуб үшін де өте сәтсіз болды. Тұрақты маусымдағы 27 ойында Жафяров бар болғаны 5 (1+4) ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или