Фаниль Рафиков келесі жекпе-жегін жариялады

Қазақстандық ММА файтері Фаниль Рафиков октагонға қашан оралатынын айтты.
— Қазір қарсыластың кім болатынын білмеймін. 1-2 есім бар, кім болатынын көреміз, бірақ мен міндетті түрде мамыр айында жекпе-жек өткіземін, деді Рафиков.
Бұған дейін Фаниль октагонға мамыр айының соңында NAIZA лигасы турнирінде оралатыны жоспарланған болатын.
Рафиков кейінгі жекпе-жегін бокс ережесі бойынша Павлодарда өткен Fight Night лигасында өткізді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или