Уэльс — Қазақстан матчының трансляциясы
Бүгін түнде, 23 наурызда, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Уэльс құрамасымен сырт алаңда ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Кардиффте өтеді.
Уэльс — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақыты бойынша 00:45-те басталады және «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Өткен ойында Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Кюрасаоны 2:0 есебімен жеңді, ал оған дейін Солтүстік Кореяға дәл сондай есеппен жол берген еді.
Оған дейін құрама Ұлттар лигасында 5 рет жеңілген. Бұл аралықта Қазақстан Австрияға екі рет (0:2 және 0:4), Словенияға екі рет (0:3 және 0:1) және Норвегияға (0:5) есе жіберді.
Соңғы уақытта Уэльс құрамасы Ұлттар лигасының В лигасында өнер көрсетіп, керемет нәтиже көрсетті. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Уэльс 4-топта 6 турда 12 ұпай жинап, 1-орын алды. Құрама соңғы 6 матчта жеңілмеген.