Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық боксшылар арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық боксшылар Крис Юбэнк-кіші мен Конор Бенн арасындағы көптен күткен кездесуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 26 сәуірде Лондонда өтеді. Әлімханұлының пікірінше, бұл жекпе-жекте қатысты спорттық интригадан гөрі шу мен дау-дамай басым.
— Бұл екі жігіт тек шоу жасаумен айналысып жүр, мен көргенім бойынша солай. Олар рингте нағыз боксты көрсету үшін дайындалып жатқан жоқ. Мен бұл жекпе-жектен ерекше немесе ғажайып ештеңе күтпеймін. Бұл жай ғана шоу. Бірақ Конор Бенге көбірек сенемін. Ол жас әрі жақсы стильге ие, — деді Жәнібек Seconds Out арнасына берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или