Қырғызстандық «Танк» келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласының есімін білді

Қырғыз жауынгері «Танк» Максат Жолдош уулу (9-3) Алматыда өтетін OCTAGON 71 турнирінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай орта салмақтағы жауынгердің қарсыласы ирандық Әмір Саидкия болады (5-3). Қатарынан 9 жеңіспен келе жатқан қырғызстандық жауынгер өткен жекпе-жекте қазақстандық Рүстем Мұхатовтан (13-3) күтпеген жерден мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын.
Айта кетейік, келесі OCTAGON 71 турнирі 19 сәуірде Алматыда өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде әйелдер арасындағы ең төменгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Аян Тұрсын (7-0) мен қырғызстандық Фарида Абдуева (4-1) арасындағы чемпиондық жекпе-жек болады.
Ко-мейн ивентте жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін өзбек файтері Сардор Худойбердиев (8-3) титулға бұрынғы үміткер, қырғызстандық Арген Абдыкадыр уулумен (9-1) кездеседі.
Турнирдің бас демеушісі – UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі – 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink