Дзюдодан Қазақстан құрамасы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысуда

Дзюдодан Қазақстан құрамасы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысуда

Нимбурк (Чехия) қаласында дзюдодан түрлі ел құрамаларының қатысуымен бірлескен халықаралық оқу-жаттығу жиындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чехиядағы жаттығу орталығына 36 ұлттық құрама атынан 595 дзюдошы қатысуда.

Бұл жиынға Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. Құраманың қатарында көптеген көшбасшы бар, олардың ішінде Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Данияр Шамшаев, Эсмигуль Куюлова және басқа да спортшылар бар.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы үшін соңғы жарыс Австрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирі болды. Бұл бәсекеде Қазақстан бір медаль жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова алтын жүлдеге ие болды.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или