Жанқош Тұраров пен Шавкат Рахмонов кездесті

Жанқош Тұраров пен Шавкат Рахмонов кездесті


Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров UFC-де әлі жеңілмеген Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін жариялады.

«Ұлы елдің ұлдары бір-бірін батыр дейді!

Ағайындарыммен болған жылы кездесу», – деп жазды Тұраров инстаграмдағы жазбасында.

Айта кетсек, қазақстандық кәсіпқой боксшы соңғы жекпе-жегін 2023 жылғы 10 желтоқсанда Алматыда өткізіп, IBO титулын жеңіп алған еді. Бұған дейін Тұраровтың сәуір айында жекпе-жек өткізуді жоспарлап жатқаны туралы ақпарат тараған.

Ал Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадпен бірінші жартыжылдықта өтуі тиіс болған титулдық айқастан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или