Шавкат Рахмоновтың командасы ресми мәлімдеме жасады

UFC-де әлі жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың командасы оның дайындық барысынан кадрлар бөлісті.
«Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр!
Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жекке қарқынды дайындалуда. Жаттығулар жоғары деңгейде өтіп жатыр. Команда барлық қырынан жұмыс істеп, октагонға ең жақсы формада шығуға күш салуда. Шавкат толықтай дайындалып, жақсы мотивациямен керемет айқас көрсетуге әзір!» – деп жазды DarProTeam инстаграмдағы жазбасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Рахмоновтың менеджері қазақстандық файтер жарақатына байланысты жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадпен титулдық айқастан бас тартқанын айтқан еді. Осыдан кейін UFC-дің шешімімен Мұхаммад 10 мамырда Австралияның өкілі Джек Делла Маддаленамен Монреальда (Канада) өтетін UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегінде кездеседі. UFC басшысы Дана Уайттың сөзінше, бұл айқаста жеңіске жеткен спортшы кейіннен чемпиондық белбеуін «Номадқа» қарсы жекпе-жекте қорғайды.