«Реалға» шегінуге болмайды: Вильярреалда чемпиондық үшін шешуші айқас

15 наурыз 2025 жылы «Эстадио де ла Серамика» стадионында Ла Лиганың 28-тур аясында «Вильярреал» мен «Реал Мадрид» кездеседі.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Командалардың қазіргі формасы
Екі команда да соңғы ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп жүр. «Вильярреал» соңғы бес матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, бір рет тең ойнады, бір мәрте жеңілді. Осы аралықта 9 гол соғып, 4 гол ғана жіберіп алған. Бұл олардың қорғанысы берік екенін көрсетеді.
«Реал Мадрид» те соңғы бес матчта жоғары деңгейде ойнады. Чемпиондар лигасында екі жеңіске жетсе, Ла Лигада екі рет жеңіп, бір рет жеңіліс тапты. Олардың да жіберген голдары – 4, ал соққандары – 10.
Айта кетерлік жайт – «Вильярреал» өз алаңында әрдайым мықты ойнайды, бұл матчты одан сайын қызықты етеді.
Өзара кездесулер тарихы
Бұл екі клубтың ойындары әдетте тартысты әрі голға бай өтеді. Соңғы рет, 2024 жылдың 5 қазанында «Реал Мадрид» 2:0 есебімен жеңіске жеткен.
Бұған дейін, 2024 жылдың 19 мамырында, олар нағыз гол шоуын жасап, 4:4 есебімен тең тарқасқан. 2023 жылдың желтоқсанында «Реал» 4:1 есебімен айқын басымдық танытса, сол жылдың сәуір айында «Вильярреал» сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіске жетіп, мадридтіктерді таңғалдырған еді.
Соңғы бес ойындағы орташа гол саны – 4,2, яғни алдағы матчта да гол көп соғылуы мүмкін.
Турнирдегі жағдай және командалардың мотивациясы
«Реал Мадрид» қазір Ла Лига турнирлік кестесінде екінші орында, 57 ұпайы бар. Дәл осынша ұпай «Барселонада» да бар, яғни «Реал» чемпиондық үшін әр матчта барын салуы керек.
Ал «Вильярреал» 44 ұпаймен бесінші орында тұр. Олар келесі маусымда Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін күресіп жатыр, сондықтан бұл матчта ұпай жоғалтқысы келмейді.
Бұл ойында екі команда да жеңіске жетуге тырысады. «Реал» допты бақылап, шабуылдауды көздесе, «Вильярреал» қорғанысқа жабылып қалмай, өз мүмкіндіктерін іздейді.
Букмекерлердің болжамы
Букмекерлер «Реал Мадридті» фаворит санайды.Олардың жеңісіне 1.99 коэффициент берілген.
«Вильярреалдың» жеңісі 3.38 коэффициентімен бағаланған, бұл олардың аутсайдер екенін көрсеткенімен, үйде ойнайтындарын ескерсек, олардың да жеңіске жету мүмкіндігі бар.
Матчтың өте тартысты әрі голға бай өтуі мүмкін екенін байқауға болады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.