Қазақстандық теннисші Мажарстандағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 322-ракеткасы Жібек Құламбаева Секешфехервар (Мажарстан) ITF W75 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 143-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, корт иесі Панна Удвардидың мысын басты.
Бірінші партия Жібектің айқын басымдылығымен аяқталды – 6:1. Ол екінші сетте де мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5.
Тартысты өткен матч бір сағат 45 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін рейтингіде 335-сатыдағы түркиялық Чала Бюйюкакчаймен таласады.
Ж.Құламбаева қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 318-орынға көтеріліп тұр.
Қазақстандық спортшы хорватиялық Тара Вюртпен бірге жұптық сында да өнер көрсетеді.
Дереккөз: kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или