Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бір уақытта екі турнирге аттанды

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бір уақытта екі турнирге аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасөспірімдер командасы кеңейтілген құрамда аға бапкер Бағдат Оңғарбековтың бастауымен Румынияға бағыт алды.
Dracula Open халықаралық турнирінде келесі боксшылар шаршы алаңға шығады:
46 келі: Алмас Жүнісов, Арман Мырсәбит
48 келі: Сұлтан Полтахан, Аслан Жеңіспаев
50 келі: Жангелді Оразбек, Едіге Нұрқожа, Нұрғазы Асқарбек, Заманхан Амангелді
52 келі: Әміржан Зинатдин, Ұлас Әлімжан, Алан Мұрат
54 келі: Мадияр Абдукәрімов, Заңғар Сайлаубек
57 келі: Алтынбек Әсетұлы, Азиз Дулат
60 келі: Арман Ахатов, Саят Қаратаев
63 келі: Әмір Рамазан, Дарын Тасмұханбетов
66 келі: Темірлан Ералиев, Оңдасын Асылбеков
70 келі: Абылай Талғат, Төреғали Сейдуллаев
75 келі: Таңнұр Сейсенбай, Мансұр Амантай
80 келі: Нұрасыл Айтекеев, Бақдәулет Тәжі, Әділ Меделхан
+80 келі: Еркетаң Жарқынбек, Темірлан Найзабасов
Жасөспірімдер командасының бірінші құрамы Санкт-Петербургте өтетін жолдастық кездесуге аттанды.
Төрт елдің (Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Ресей) қатысуымен өтетін жарысқа команданы бапкер Павел Дыбцев бастап барды.
46 келі: Жұмағали Нұрмахан
48 келі: Рүстем Сапархан
50 келі: Халиф Расул
52 келі: Темірали Темірбаев
54 келі: Досжан Жұмақан
57 келі: Ислам Сулейманоглы
60 келі: Анвар Идрисов
63 келі: Алдияр Баяндинов
66 келі: Даниял Шалқарбай
70 келі: Қуаныш Урумбасар
75 келі: Санжар Матасов
80 келі: Мұхамедәлі Рүстембек
+80 келі: Сабыржан Сағым