UFC-дің бұрынғы чемпионы Ислам Махачевті жеңуге қабілетті спортшыны атады.

Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порье Илиа Топурияның Ислам Махачевті жеңуге мүмкіндігі бар деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Илианың мүмкіндігі бар [Исламды жеңуге]. Жартылай жеңіл салмақтан жартылай орта салмаққа дейін ол кез келген қарсыласын нокаутқа түсіре алатын күшке және шеберлікке ие. Оның таймингі, қарқыны мен күші керемет, бірақ өлшем айырмашылығы мен күрес техникасы Исламның пайдасына.
Топуриямен ешқашан жеке кездеспедім, бірақ Исламмен жекпе-жек өткіздім, ол өте ірі жігіт. Махачев жартылай жеңіл салмаққа түсе алмайды. Естігенім бойынша, Топурияның маусымаралық кезеңдегі салмағы 86 келі болады, бірақ Ислам оған қарағанда тым үлкен әрі күшті. Дегенмен, егер ол соққысын дәл жеткізе алса, кез келген адамды құлата алады», – деп келтіреді Порьенің сөзін BJ Penn порталы.