Әділбек Ниязымбетовтің спорт жолына арналған «Былғары қолғап» атты фильм жарыққа шықты

Әділбек Ниязымбетовтің спорт жолына арналған «Былғары қолғап» атты фильм жарыққа шықты

Лондон және Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің спорт жолына арналған «Былғары қолғап» атты фильм жарыққа шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Кино режиссёры Қанат Майлыбаев бастапқыда бұл фильмде басқа спорт түрін көрсетуді жоспарлаған екен. Алайда, Әділбектің өмірбаянын естігенде бірден ойын өзгерткен.

«Спорт туралы фильм түсіруді жоспарлап жүргенімді бокс бапкері Марат Жакиев ағамызға айтқан болатынмын. Ол кісі Әділбек Ниязымбетовтің өмірбаянын айтқан соң фильм Әділбекке арнадуы керек екенін түсіндім де солай шешім қабылдадым. Туындының 80% шынайы өмірден алынса, қалған 20% өзімнің қиялымнан шыққан. Мақсатым – кино арқылы жастар мен жасөспірімдер арасында боксты кеңінен насихаттау», - деді режиссер.

Әділбек Ниязымбетов әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Сонымен қатар, 2012 жылы Лондонда және 2016 жылғы Рио Олимпиадасында екінші орын алған. Даңқты спортшы 2018 жылы спорттық мансабын аяқтаған. Қазіргі таңда Маңғыстау бокс мектебінде директор қызмет атқарып жүр.



Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или