Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында медальге бір қадам жерден тоқтады

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында медальге бір қадам жерден тоқтады


Таиланд Корольдігінің Пхитсанулок қаласында өтіп жатқан тас жолда велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтті.

Бүгін Under (U23) арасында жекелей сындағы уақытқа жарысы өтті. Бұл сынға Қазақстан атынан Андрей Ремхе қатысты. Біздің велошабандоз 32,1 км қашықтықты 39 минут 39.256 секундта жүріп өтіп, 4-орынға ие болды. Отандасымыздың үшінші орынға тұрақтауына 1 секундтан аз уақыт жетпей қалды.

Уақытқа жарыс (U23)

Әли Мұхаммед әл-Мутайвей - 38:43.520

Энди Мұхаммед Роян - 39:33.400

Коки Камада - 39:38.560

Айта кетейік, 27 елдің спортшылары қатысатын Азия чемпионаты 16 ақпанда аяқталады.

Дереккөз: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или