Ғалымжан Кенжебек командасының жеңісіне көмектесті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек словакиялық «Кошице» сапында алғашқы ресми ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кенжебек Словакия чемпионатының 19-шы турында «Жилинаға» қарсы сырт алаңда өткен ойынның 69-минутында қосалқы құрамда алаңға шықты. Алаң иелері айқын фаворит саналғанына қарамастан, «Кошице» 2:0 есебімен жеңіске жетті. 17-минутта Джаннис Ниархос гол соқса, 79-минутта Карло Милянич есепті еселеді.
Осылайша, «Кошице» 23 ұпай жинап, Словакия чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орынға көтерілді. «Жилинаға» еншісінде әлі 41 ұпай бар және команда ел біріншілігінде екінші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или