«Барселона» Войцех Шченсныймен келісімшартты ұзартуға жақын

«Барселона» Войцех Шченсныймен келісімшартты ұзартуға жақын


Каталондық клуб 34 жастағы қақпашы Войцех Шченсныймен серіктестікті жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport.es дерегінше, поляк футболшысымен жаңа келісім жасау туралы түпкілікті шешім маусым соңында қабылданады.

Шченсный тіпті қосалқы қақпашы рөлінде қалуға да қарсы емес. Себебі, жазға қарай Марк-Андре тер Штеген жарақатынан толық айығады.

Футболшы Испанияда өзін жайлы сезінеді, ал командадағы Роберт Левандовскиймен достығы да шешіміне ықпал етуде.

Поляк қақпашысы өткен жылдың қазан айында «Барселонаға» қосылған. Осы уақыт аралығында 8 матч өткізіп, оның төртеуінде қақпасына гол өткізбеген.

Қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или