«Барселона» Испания кубогында «Валенсияны» ірі есеппен жеңді

«Барселона» Испания кубогында «Валенсияны» ірі есеппен жеңді

«Валенсия» Испания кубогының ширек финалдық ойынында «Барселонадан» жеңіліп қалды (0:5).

3-минутта Ферран Торрес каталондықтарды алға шығарса, 17-ші минутта тағы бір гол соқты. Ойындағы үшінші голды 23-минутта Фермин Лопес мергендік танытты. 30-минутта Торрес хет-трик жасады. 59-минутта Ламин Ямал қорытынды есепті тіркеді.

Жартылай финалға «Барселонамен» қатар, «Реал Мадрид», «Атлетико Мадрид» және «Реал Сосьедад» шықты. Жеребе тарту рәсімі 12 ақпанда өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или