Рахмонов бар ма? Олимпиада чемпионы ММА-дегі үздіктерді атады
Еркін күрестен Олимпиада чемпионы ресейлік Заурбек Сидаков «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында ММА тарихындағы ең үздік файтерлерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бірнеше адамды атар едім. Біріншіден, бұл Джон Джонс, екіншіден, Федор Емельяненко мен Хабиб Нурмагомедов. Қазір бұл қатарға Ислам Махачев те қосылып келеді. Ол тағы да сенімді жеңіске жетіп, ең жоғары деңгейін дәлелдеді», – деді Сидаков.
2024 жылғы Олимпиадаға бейтарап мәртебеде қатысуға шақырудан бас тартқаннан кейін Заурбек Сидаков ММА-мен белсенді түрде айналысып, осы спортқа ауысуды ойлаған, бірақ ақыры күресті таңдаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или