ЦСКА - «Зенит»: Әліп негізгі құрамда шықты
Петерборлық «Зенит» пен мәскеулік ЦСКА арасындағы жолдастық матч басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы минуттардан алаңға «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп шықты. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік клубтың 2025 жылғы тізіміне алғаш рет еніп отыр. Бұған дейін Әліптің жарақатынан айыққан соң жалпы топпен жаттығуға кіріскені белгілі болды.
«Зенит» алаңға келесі құраммен шықты: Латышонок, Сантос (команда капитаны), Нино, Әліп, Барриос, Вендель, Мантуан, Луис Энрике, Мостовой, Глушенков, Лучано.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или