Бакуде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Қазақстан дзюдошылары ақпан айының ортасында Бакуде өтетін Гранд Слэм турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұған дейін мәлім болған спортшылар құрамы қайта жаңартылып, тізім толығып отыр.
Олардың қатарында Данияр Құлышев (60 келі), Әбілқайыр Ұлықбек (60 келі), Берікұлы Әділет (66 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Ислам Тоқтасын (73 келі), Дидар Хамза (90 келі), Ратаев Қуаныш (90 келі), Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) сынды спортшылар бар.
Айта кететін жайт, Қытайда өткен Азия ойындарынан кейін мансабын аяқтаған Дидар Хамза осымен екінші рет халықаралық додаға қатысқалы отыр.
Дереккөз: 1bol.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или