«Бешікташ» сенімді жеңіске қол жеткізді
«Бешікташ» сенімді жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz
«Қырандар» Еуропа лигасы 7-турының матчында «Атлетикті» 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Бұл Оле-Гуннар Сульшердің клуб тізгініндегі алғашқы матчы болды.
Ал Бақтияр Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамда бастап, 69 минутта шықты.
Осы жеңістің арқасында «Бешікташ» плей-офф аймағына көтеріліп, 18-орынға жайғасты.
Стамбулдықтар 30 қаңтар күні соңғы турда «Твентемен» күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или