Америкалық сарапшы Головкинді рингке оралуға шақырды

Америкалық сарапшы Головкинді рингке оралуға шақырды

Америкалық журналист Майкл Вудс Геннадий Головкиннің әлі де рингке оралуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер бұл жаңалықты байқамай қалсаңыз, есіңізде болсын: ЕСІМДЕР өте маңызды рөл атқарады. Тіпті олардың спорттық карьераларының шарықтау шегі артта қалса да. Головкин мен Влад – танымал есімдер… Сондықтан олардың тартымдылық «құны» 40, 45 және одан жоғары жаста да сақталады. Меніңше, Владтың қайтадан боксқа оралуға ынтасы GGG-ге қарағанда көбірек сияқты, бірақ мұны нақты тек олардың өздері біледі», – деп жазды сарапшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

42 жастағы Геннадий Головкин - қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы, соңғы рет рингке 2022 жылдың қыркүйегінде шыққан. Ал 48 жастағы Владимир Кличко 2017 жылдың сәуірінен бері кәсіби жекпе-жекке қатыспаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или