Ербол Мырзабосынов: Галбадрах Отгонцэцэг келісімшарттағы міндетін орындады

Ербол Мырзабосынов: Галбадрах Отгонцэцэг келісімшарттағы міндетін орындады


Дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанның спортына оңтайлы әсер етті. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Моңғолия елінің азаматтығын қайтадан алуға өтініш берген Галбадрах Отгонцэцэгке қатысты түсінік беруді сұрады.

Өз кезегінде Е. Мырзабосынов танымал дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг біраз уақыт Қазақстан атынан бірқатар жарысқа қатысқанын еске салды.

- Тиісті жұмыстардың арқасында еліміздің құрамасында осы салмақ дәрежесінде қыздар жақсы нәтиже көрсетіп келеді... Осы спорт бойынша федерациямен аталған мәселе талқыланды. Спортшының (Галбадрах Отгонцэцэг) отбасы жағдайы, оның шығу тегі Моңғолиямен байланысты. Ол енді сондағы құрамамен жұмысын атқарады. Жалпы, осындай тәжірибелер бар. Бұған дейін шетелден тартылған спортшыларға қатысты мәселелер көтерілген еді. Отандық спорт мектептеріндегі спортшыларды даярлауға, өзіміздің кадрларға екпін қойып отырмыз, - деді министр.

Ербол Мырзабосыновтың пайымынша, Галбадрах Отгонцэцэгтің тәжірибесі Қазақстанның спортына оңтайлы әсер етті.

- Спортшы және бапкер әрі тәлімгер ретінде ол біздің дзюдошыларға белгілі бір тың серпін берді. Ол өзінің келісімшарттағы міндетін орындады. Енді өзінің отбасына оралды, - деп түсіндірді министр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или