Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды


Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші жапониялық Каити Утидамен бірге финалда америкалықтар Джордж Голдхофф — Трей Хильдебрандпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда америкалық жұп 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық-жапониялық дуэт қарымта қайырды — 6:2. Бірақ супер тай-брейкте жеңіс америкалықтардың еншісінде кетті — 10:5.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев — Утида 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Голдхофф –Хильдебранд 2 эйс, 1 эйспен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Денис Евсеев пен Каити Утиданың финалға дейін жетуінің өзін табыс деп есептеуге болады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или