«Боруссия» Дортмунд – «Байер»: Шахин Алонсоны тоқтата ала ма?

«Боруссия» Дортмунд – «Байер»: Шахин Алонсоны тоқтата ала ма?

Еуропаның топ-чемпионаттары арасында Бундеслига қысқы үзілісте ең ұзақ демалады. Өткен жылдың аяғында үзіліске кеткен біріншілік бүгін топ-матчпен оралады. Дортмундтық «Боруссия» ел чемпионы «Байерді» қабылдайды. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

«Боруссияның» осы маусымдағы нәтижесі көңіл көншітпейді. Команда алтыншы орынға түсіп қалған. Бірақ, басшылық жас маман, футболшы ретінде клуб аңызы Нури Шахинге сенім артып отыр. Қысқа қарай команда көш түзегендей көрінді. Ішкі біріншілікте үш матч өткізіп, бес ұпай еншіледі. Команда жеңілген жоқ. Шахиннің шабуыл шебіне айтар сыны жоқ шығар, бірақ қорғаныста шәкірттері көп қателік жібереді. Оның үстіне жарақат алған ойыншылар да бар. Мысалы, негізгі профилі жартылай қорғаушы Эмре Джан қазір орталық қорғаныста ойнап жүр. 

Хаби Алонсо баптайын «Байер» чемпионатта екінші орынға жайғасқан. Соңғы кезде испан маманы команданың проблемасын шешкендей көрінеді. Маусымды сәтсіз бастаса да, желтоқсан айындағы Бундеслиганың барлық матчында жеңіске жетті. Чемпиондар лигасында төртінші орында келе жатыр. 

«Боруссия Д» дәстүрлі түрде «Байер» үшін ыңғайсыз қарсылас. Леверкузендіктер соңғы жеті ойынның біреуінде ғана жеңіске жеткен. Былтырғы чемпиондық маусымда қос команда екі рет тең тарқасты. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы ойынға мынадай коэффициенттер ұсынады: «Боруссияның» жеңісі – 2.86, «Байердің» жеңісі – 2.46. Ал кездесудің негізгі уақыты тең нәтижемен аяқталады дегенге – 3.38 коэффициент беріп отыр. 

Алонсо шәкірттері әр матчта алаңнан голсыз кетпейтінін, Шахин баптайын жігіттер 15 матчта 22 гол өткізгенін ескерсек, нәтижелі ойын күтуге болады. Tennisi.kz матчта 3-тен көп гол соғылады деген нәтижеге 2.09 коэффициент ұсынған. 

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или