Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» жаңа жылдағы алғашқы кездесуін «Локомотивке» қарсы өткізді
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» жаңа жылдағы алғашқы кездесуін Орынборда жергілікті «Локомотивпен» өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz
Осыған дейін оралдықтар 21 ұпаймен екінші топта үшінші орында тұрған еді.
Бірінші таймда «Ақжайық» 7:3 есебімен алға кетті.
Екінші кезеңде Николай Шавалдиннің шәкірттері есепті 18:5-ке жеткізді.
Батысқазақстандық клубтан ресейлік сұрмерген Максим Пахомов 7 голдың авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев те қалысқан жоқ. Оның еншісінде 5 доп бар. Сондай-ақ «Локомотив» қақпасына Рауан Исалиев 3, Дәурен Оралов, Артем Лапшин және Нұрбол Бөкешов бір-бірден доп енгізді.
Ертең командалар екінші матчын өткізеді.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или