WBA Gold белбеуінің иегері Пол Бамба қайтыс болды
Бұрын бірінші ауыр салмақта WBA Gold белбеуіне ие болған пуэрториколық боксшы Пол Бамба 27 желтоқсан жұма күні 35 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның өлімінің себебі туралы қазірше ресми мәлімет жоқ.
Бамба соңғы рет 21 желтоқсанда АҚШ-та Рохелио Медина Лунаға қарсы жекпе-жек өткізген. Бұл жекпе-жекте қарсыласының жекпе-жекті жалғастырудан бас тартуы нәтижесінде Пол техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бамба кәсіпқой бокстағы дебютін 2021 жылы қаңтарда өткізді. Онда Феликс Алексис Карденасты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ол кәсіпқой бокста 19 рет жеңіске жетіп (18-і нокаутпен), үш мәрте жеңілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или