«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Металлургпен» келісімшартқа отырды

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Металлургпен» келісімшартқа отырды

«Металлург» қорғаушы Никита Камаловпен маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Камалов кеше, 24 желтоқсан күні «Барыс»сапынан кеткен болатын.

29 жастағы қорғаныс ойыншысы осы маусымда 37 матч өткізді.

Никита Камалов Құрлықтық хоккей лигасы аясында барлығы 419 матч өткізіп, 21 шайба соғып, 53 нәтижелі пас берді.

«Металлург» ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Андрей Разин шәкірттері 39 кездесуде 46 ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или