Максим Самородов ойнайтын клуб Ақтаудағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады
Грозныйдың «Ахматы» әлеуметтік желіде Бакуден (Әзірбайжан) Грозныйға бет алған ұшақтың Қазақстанда құлауына байланысты көңіл айтты. Қайғылы оқиға бүгін, 25 желтоқсанда Ақтаудағы әуежай маңында болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Embraer 190 ұшағының бортында 64 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болғаны хабарланды.
«Ахмат ФК Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан және Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағындағы қаза тапқан жолаушылардың туыстарына көңіл айтады.
Ауыр халде аман қалғандар бар деп хабарланды. Алла Тағаладан олардың сауығып кетуін тілейміз!». - деп жазылған клубтың хабарламасында.
Еске сала кетейік, «Ахмат» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Максим Самородов өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или