Бокстан ел біріншілігінің финалында қос ағайынды боксшы бір-бірімен жұдырықтасады

Бокстан ел біріншілігінің финалында қос ағайынды боксшы бір-бірімен жұдырықтасады

Бокстан Қазақстан чемпионатының финалында ағайынды Нұрлан Сапарбай мен Даниял Сапарбай кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 23 желтоқсанда Қарағандыда өтіп жатқан бокстан ел біріншілігінің жартылай финалдық бәсекелері аяқталды. Нәтижесінде финалдық кезеңде жұдырықтасатын боксшылардың есімдері белгілі болды. +92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен ағайындылар Нұрлан Сапарбай мен Даниял Сапарбай финалдық бәсекеге жолдама алды.

Жартылай финалда 27 жастағы Нұрлан Сапарбай қарсыласы Нұрасыл Асылханды жеңсе, Даниял Сапарбай Аманат Сабырғалиден басым түсті. Енді ағайынды боксшылар бір-бірімен финалдық жекпе-жекте жұдырықтасады. Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекелері ертең, 24 желтоқсанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или