Допты хоккейден «Ақжайық» ресейлік клубты екінші рет ұтты
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында «Никельщик» (Верхний Уфалей) клубымен екінші кездесуін өткізді.
Кеше бірінші ойында оралдықтар 12:4 есебімен басым түскен еді.
Бұл жолы матч әлдеқайда тартысты өрбіді. Дегенмен Николай Шавалдиннің шәкірттері өз мүмкіндіктерін мүлт жіберген жоқ. Қорытынды есеп — 8:6.
«Ақжайық» сапында команда капитаны Максим Өтебалиев пен ресейлік Максим Пахомов үш-үштен гол соқса, Рауан Исалиев пен Дәурен Оралов та құр кеткен жоқ.
Осы жеңістен кейін батысқазақстандықтар 15 ұпаймен екінші топта үшінші орынға көтерілді.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или