Паралимпиадада алтын алған дзюдошы қыз «Дарын» жастар сыйлығын алды
Парижде өткен пара дзюдодан 48 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған Ақмарал Науатбек спорт номинациясы бойынша «Дарын» жастар сыйлығының иегері болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Сыйлықты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
«Дарын» жастар сыйлығы – әртүрлі салада, әсіресе спорт, өнер, білім және қоғамда айтарлықтай жетістікке жетіп, елдің мақтанышына айналған 35 жасқа дейінгі жастарға берілетін мемлекеттік сыйлық.
Айта кетейік, 2023 жылы спорт номинациясы бойынша еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан мен джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова«Дарын» жастар сыйлығын иемденген.
Дереккөз: 1bol.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или