Бокстан АЧ: қазақстандық боксшының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Тайландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Азия чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Тоғамбай тәжікстандық Парвиз Каримовпен кездесті. Кездесуде қазақстандық спортшы екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, соңғы финалды қазақстандық Айбек Оралбай өткізеді. Ол +92 келі салмақта қытайлық Абудурешити Ремуламен қолғап түйістіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или