Елдос Сметов «Жыл дзюдошысы» халықаралық атағына үміткерлер тізіміне енді
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) "Жыл дзюдошысы" атағына үміткерлер тізіміне енді.
Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында 2024 жылдың қорытындысы бойынша бірнеше марапатқа үміткерлерге дауыс беру басталды. Ерлер арасында "Жыл дзюдошысы" атағына ұсынылғандар қатарында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те бар.
Сондай-ақ аталған марапатқа Хифуми Абэ (Жапония), Хидаят Гейдаров (Әзербайжан), Лаша Бекаури (Грузия), Таканори Нагасе (Жапония), Зелим Коцоев (Әзербайжан) және Тедди Ринер (Франция) таласып жатыр. Дауыс беру 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасады. Ал жеңімпаздар 2 ақпанда Париждегі Гранд Слэм турнирінде марапатталмақ.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или