Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (11-0, 7 КО) октагонға қайта оралады, деп жазады Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Сейітжанов 13 желтоқсанда Мәскеуде (Ресей) өтетін бокс кешіне қатысып, жергілікті боксшы Вадим Мусаевпен (10-0, 6 КО) кездеседі. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Рай Сейітжанов кейінгі жекпе-жегін 2022 жылдың қарашасында өткізген, содан кейін Алматыда тәжікстандық дебютант Акбарджон Назаровты (0:1) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Вадим Мусаев биылғы жылдың 8 тамызында Уфада жекпе-жек өткізіп, төртінші раундта намибиялық Паулус Амавиланы (10-2-1, 5 КО) нокаутқа түсірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или