Абиба Әбужақынова Олимпиададан кейінгі жаттығуын бастады

Абиба Әбужақынова Олимпиададан кейінгі жаттығуын бастады

Дзюдодан Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалған Абиба Әбужақынова толыққанды жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде фотосурет жариялап, немен айналысып жүргенін жазды.

«Жаттығуға кірістік», - деді спортшы.

Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында бесінші орынға табан тіреген болатын. Спортшы ширек финалға дейін екі қарсыласын ұтқанымен, жартылай финалға шығар жолда испан дзюдошысынан ұтылды. Алайда ол жұбаныш белдесуінде Парагвай өкілін ұтқанымен, қола жүлде үшін күресте Швеция спортшысынан айласын асыра алмады.

Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін спортшы бірер ай тыныққан соң, Абу Дабиде өткен турнирге қатысқан болатын. Сол сында спортшы қола жүлде иеленді.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или